Жас мамандарға жүргізілген тренинг жаттығулары
Құрметті жас мамандар, әріптестер, бүгін сіздермен ұйымдастырылып отырған психологиялық тренингке ұйымшылдықпен қатысуларыңызды сұраймыз.
Дүниеде мұғалімдіктен асқан мамандық жоқ. Бұл өте қиын және күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді,соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімді балалардың бойына сіңіре білуімен көзге түсіп ерекшеленеді.
Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келуде. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезі бар мұғалім жоғары бағаланады.
1. «Танысу» жаттығуы
Әр бір тренинг қатысушылары өз есімдерін айтады және қойылу тарихын баяндайды. Алдында отырған адамның жақсы нені ұнататынын ұнатпайтын бір қасиетін айтып шығады. Мысалы: сурет салғанды ұнатады, кітап оқығанды ұнатпайды.
2. «Мұғалім болу ...» жаттығуы
Тренингке қатысушы жас педагогтар бүгінгі тренингімізді «Мұғалім болу ...» жаттығуын жүргізейік. Әрбіріңіз осы мұғалім болудағы мақсаттарыңыз, бұл мамандықты не үшін таңдағандарыңызды осы фразаны жалғастыру арқылы бір сөзбен жеткізіңіздер.
3. «Келісу керек» ойын жаттығуы.
Мақсаты: логикалық ойлау арқылы кез-келген жерден шыға білу. Яғни ым-ишара арқылы бірін-бірі түсіну, жест, мимика арқылы вербалды емес қарым-қатынас орнату.
Нұсқауы: қатысушылар 2 топқа бөлінеді. Жүргізуші топ басшыларына 1 минут ішінде бірнеше сөз оқиды. Бұл жерде топ басшысы өз тобына ым-ишара арқылы жеткізуі керек. Қай топ көп сөз тапты, сол команда жеңіске жетеді. Әр сөз 5 ұпаймен есептелінеді. (I топқа– көзілдірік, дәрігер, жол, коньки, кітапхана, үй, футбол, әке, ұялы телефон, қуану).(II топқа - аспаз, балық, сыйлық, суретші, мүсін, домбыра, көбелек, компьютер, денсаулық, мектеп).