Размер шрифта:

2024-2025 оқу жылының жұмыс қорытындысы бойынша анықталған мәселелер, орындалуға тиіс шаралар:

Дата: 2025-10-06 09:40:03

2025-2026 оқу жылына арналған кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті, бейәлеуметтік және тәуелділік мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

  1.  

Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті және бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алу мәселелері бойынша республикалық, облыстық Жол карталарының (кешенді жоспарлардың, іс-шаралар жоспарларының, бағдарламалардың) іске асырылуын қамтамасыз ету

Мониторинг, ақпарат,

талдамалық анықтама

Директор

Ж.К.Жетписбаева

белгіленген мерзімге сәйкес

  1.  

Білім беру ұйымдарының мамандарын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен таныстыру

Педагогикалық кеңестің, директор жанындағы отырыстың хаттамасы

ДОІЖО

Г.М.Бакирова

тамыз-қыркүйек

  1.  

Оқушылардың ата-аналары (1-11 сынып) мен оқушылардың (4-11 сынып) білім беру процесінің нәтижелеріне қанағаттану деңгейін EduMark мобильді қосымшасы арқылы зерделеу

Сауалнама нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

ДАІЖО

М.Е.Ибышева

тоқсан сайын

  1.  

4-11 сынып оқушылары арасында EduMark мобильді қосымшасын пайдалану арқылы мақсат қою мониторингін енгізу

Мониторинг, талдамалық анықтама

ДАІЖО

М.Е.Ибышева

тоқсан сайын

  1.  

Білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлерін оқыту: «Суицидтің алдын алудың өзекті мәселелері. Аутодеструктивті және асоциалды мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтау»

Өткізу кестесі, талдамалық ақпарат

Педагог-психолог

З.Н.Абдуалиева

қазан-қараша

  1.  

Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша «Жас педагог мектебі» қызметі аясында жас және жаңадан келген педагогтарға арналған оқыту өткізу

Жоспар, өткізу кестесі, қатысушылар тізімі

ДӘІЖО

Ф.М.Карабаева

қыркүйек-желтоқсан

  1.  

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4, 2025 жылғы 29 сәуірдегі №92, 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №386, 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №398, 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №506 бұйрықтарына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар, арнайы педагогикалық назарды қажет ететін балаларды анықтау және оларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру

Бұйрықтар, хаттамалар, санаттар бойынша бекітілген балалар тізімдері, ЖПППС, ППМАЖ-ға ақпаратты енгізу

ДОІЖО

Г.М.Бакирова

қыркүйек, қаңтар, мамыр

жыл бойы түзету жүргізіледі

  1.  

Білім беру ұйымдарының білім алушылар контингентінің әлеуметтік төлқұжатын, оның ішінде ППМАЖ-де жаңарту

Білім алушылардың әлеуметтік төлқұжат базасы

қағаз және/немесе электрондық форматта, мониторинг

Әлеуметтік педагог

Берикказиева А.Ф, сынып жетекшілер

тоқсан сайын

  1.  

Білім алушылардың білім беру ұйымдары арасында ауысуы кезінде сабақтастықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуді ұйымдастыру

Мониторинг

ДОІЖО

Г.М.Бакирова

жыл бойы

  1.  

Педагог-психологтардың диагностика және профилактика іс-шараларын өткізу үшін тәрбие жұмысының жоспарларына әрбір сыныпта кемінде

4 психолог сағатыненгізу

Сынып сағаттарының кестесі

ДТЖЖО

Ж.М.Ершаева,

педагог-психолог З.Н.Абдуалиева

қыркүйек

  1.  

Мектепте психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ата-аналар (немесе заңды өкілдер) арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Хаттамалар, ақпараттандырылған келісімдер

ДТЖЖО

Ж.М.Ершаева

А.С.Алпысбаева, педагог-психолог

З.Н.Абдуалиева

қыркүйек

  1.  

Аутодеструктивті және асоциалды мінез-құлықтың алдын алу бойынша АПҚО жұмысы аясында ППҚҚ мамандарының іс-шараларды өткізуі

ППҚҚ жоспары, хаттамалар

ДТІЖО

Ж.М.Ершаева

А.С.Алпысбаева

жоспарға сәйкес

  1.  

Ата-аналармен (заңды өкілдерімен) психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Ата-аналардың (заңды өкілдерінің) жеке келісімі, қорытынды, ЖППЖ

ДТІЖО

Ж.М.Ершаева

А.С.Алпысбаева

жоспарға сәйкес

  1.  

Күрделі жағдайларды қарау және шешу бойынша психологиялық-педагогикалық консилиумдар өткізу

Отырыстардың хаттамалары

ДТІЖО

Ж.М.Ершаева

А.С.Алпысбаева, әлеуметтік педагог

       А.Ф.Берикказиева

қажетіне қарай

  1.  

Білім беру ұйымдарында 5–11 сынып білім алушыларының әлеуметтену динамикасына мониторинг жүргізу

Мониторинг

Педагог-психолог

З.Н.Абдуалиева

тоқсанның қорытындысы бойынша

  1.  

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті және асоциалды мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша ата-аналар қауымдастығымен диалог алаңдарын өткізу

Бағдарлама, өткізу кестесі

ДТЖЖО

Ж.М.Ершаева

А.С.Алпысбаева,

Педагог-психолог

З.Н.Абдуалиева Әлеуметтік педагог

А.Ф.Берикказиева

жыл бойы кесте мен сұраныс бойынша

  1.  

8-11 сынып оқушылары, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығы үшін диалогтық алаңдар мен форум-театрлар өткізу

Мониторинг

ДТЖЖО

Ж.М.Ершаева

А.С.Алпысбаева,

Педагог-психолог

З.Н.Абдуалиева Әлеуметтік педагог

А.Ф.Берикказиева

жыл бойы жоспар мен сұраныс бойынша

  1.  

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті және асоциалды мінез-құлық мәселелеріне қатысты ата-аналар қауымдастығының көзқарасын анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізу

Талдамалық анықтама

Педагог-психолог

З.Н.Абдуалиева Әлеуметтік педагог

А.Ф.Берикказиева

қазан, сәуір

  1.  

Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, соның ішінде девиантты және делинквентті мінез-құлық белгілері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысына талдау

Өткізу кестесі

ППМАЖ, талдамалық анықтама

ДОІЖО

Г.М.Бакирова

қазан, мамыр

  1.  

Білім беру ұйымдарының психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтері мамандарымен психологиялық сүйемелдеудің өзекті мәселелері бойынша подкасттар өткізу

Мониторинг, материалдар әлеуметтік желілерде

ДОІЖО

Г.М.Бакирова

ай сайын

 

Аббривеатураның талдауы

ППҚҚ

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі

ППМАЖ

Психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі

АПҚО

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы

 

Ескерту:

Жоспар ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.01.2022 жылғы №4, 29.04.2025 жылғы №92, 21.12.2023 жылғы №386, 22.12.2023 жылғы №398, 21.12.2022 жылғы №506 бұйрықтарына, бірлескен бұйрыққа (20.02.2025 жылғы  №29 бұйрығымен 04.07.2024 жылғы  №170 бұйрыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар), ҚО ББ 15.08.2025 жылғы №460 бұйрығына сәйкес әзірленді.