«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Еңбек күніне орай ұйымдастырылған «Еңбекпен еңселенген өмір» атты кездесу шарасы өтті. Іс-шараға 9-сынып оқушылары қатысты. Қонақ ретінде жоғары санатты дәрігер-стоматолог, Қазақстанның денсаулық сақтау с
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Еңбек күніне орай ұйымдастырылған «Еңбекпен еңселенген өмір» атты кездесу шарасы өтті.
Іс-шараға 9-сынып оқушылары қатысты. Қонақ ретінде жоғары санатты дәрігер-стоматолог, Қазақстанның денсаулық сақтау саласының үздігі, «Балқаш стоматологиясы» ЖШС директоры Ысқақ Қаныш Мәдениетұлы шақырылды.
Кездесу барысында Қаныш Мәдениетұлы оқушыларға өзінің еңбек жолы, дәрігер мамандығының маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы әсерлі әңгімелеп берді. Ол адал еңбектің, кәсіби біліктілік пен үздіксіз дамудың адам өміріндегі рөліне тоқталып, болашақта дұрыс мамандық таңдау жөнінде пайдалы кеңестермен бөлісті.
Оқушылар қонаққа көкейдегі сұрақтарын қойып, мамандыққа деген қызығушылықтарын танытты. Бұл кездесу оқушылардың еңбекке деген көзқарасын қалыптастырып, болашаққа сенімді қадам жасауға шабыт берді.
