Размер шрифта:

22.09.2025ж күнгі саптық жиында «Адал азамат» «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында бастау алған баланы буллинг пен зорлықтан қорғауға арналған «Дос болайық» бағдарламасы туралы ақпарат берілді. Мектеп психологы З.Н.Абдуалиева «DosbolLIKE»

Дата: 2025-09-29 15:41:30

           22.09.2025ж  күнгі саптық жиында «Адал азамат» «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында бастау алған  баланы буллинг пен зорлықтан қорғауға арналған «Дос болайық» бағдарламасы  туралы ақпарат берілді. Мектеп психологы  З.Н.Абдуалиева «DosbolLIKE» бағдарламасы жасөспірімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, өзара түсіністік пен қолдауды арттыру, достық қарым-қатынас мәдениетін дамыту мақсатында іске асырылатыны жайында айтып өтті.

Лездемеде айтылған негізгі мәселелер:

          •         «DosbolLIKE» бағдарламасы арқылы оқушылардың бойында мейірімділік, жауапкершілік, сыйластық құндылықтарын қалыптастыру;

          •         Әлеуметтік желідегі теріс әрекеттерден балаларды сақтандыру;

          •         Психологиялық қолдау көрсету, жағымды қарым-қатынас орнату жолдарын үйрету;

          •         Мектеп ұжымымен бірлесе отырып, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.

     9А сынып оқушыларынан құралған   үгіт - насихат  тобы   бағдарламаның негізгі идеясы – достық пен бірліктің маңыздылығын жеткізді.

           Лездеме соңында мектеп ұжымына «DosbolLIKE» бағдарламасын күнделікті оқу-тәрбие процесінде қолдану ұсынылып, жадынама таратылды.