Размер шрифта:

«Мектепке жол» акциясы аясында демеушілік көмек

Дата: 2025-08-14 10:41:44

«Мектепке жол» акциясы аясында демеушілік көмек 

2025 жылғы тамыз айында Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында демеушілер тарапынан қолдау көрсетілді.

Акцияның мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындауға жәрдемдесу.

Акция барысында мектептің 2000 жылғы түлектері демеушілік қолдауымен жалпы құны  140 000 теңге болатын қаржылай көмек оқушыларға табысталды. Мектептің әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан және жетім балалардың  ішінен 5 оқушыға 30 000 теңгеден табысталды. Бір оқушыға мектеп ұстазы Рымкулова Гульшара Айтхановнадан 50 000 теңге қаржылай көмек берілді

Мектеп әкімшілігі мен ата-аналар қауымы демеушілерге көрсеткен көмектері үшін зор алғыс білдіреді. Мұндай қолдау балалардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл күймен бастауына себеп болды.