2025 жылдың 22-мамыры күні 9Ә «Жас сарбаз» сыныптарында соңғы қоңырау салтанаты өтті. Мектеп директоры Ж.К.Жетписбаева Жас Сарбаз сыныбын бітуші түлектерді құттықтап, арнайы сертификаттар табыстады. Салтанатты жиында Жас Сарбаздар арнайы дайындаған дефиле
Дата: 2025-05-29 08:29:18
2025 жылдың 22-мамыры күні 9Ә «Жас сарбаз» сыныптарында соңғы қоңырау салтанаты өтті. Мектеп директоры Ж.К.Жетписбаева Жас Сарбаз сыныбын бітуші түлектерді құттықтап, арнайы сертификаттар табыстады. Салтанатты жиында Жас Сарбаздар арнайы дайындаған дефиле көрсетіп, ән айтып көрермендердің қошеметіне бөленді. Олардың саптық жүрісі мен формадағы біркелкі көрінісі патриоттық рухты айқын жеткізді. Жиын соңы Жас Сарбаздардың қоштасу вальсімен аяқталды.
Бұл іс-шаралар жас ұрпақтың бойында әскери қызметке деген қызығушылықты арттырып, олардың патриоттық сезімін нығайтуға ықпал етеді.