Мектебімізде оқушыларды емтиханға дайындауда 11-сынып оқушыларымен мектеп психологы Абдуалиева З.Н. тренинг жаттығуын жүргізді.

Дата: 2025-05-19 09:43:59

Мектебімізде оқушыларды емтиханға дайындауда 11-сынып оқушыларымен мектеп психологы Абдуалиева З.Н. тренинг жаттығуын жүргізді.

Мақсаты: Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету, бойларына сенімділік орнату.

Психологиялық білім тестке дайындау тиімділігін арттырып, тест кезінде тапсырушының өзін ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймай, ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде жұмысқа жұмылдыруға, эмоцияларын қолға алуға көмектеседі.  Оқушылармен«Дыбыстық гимнастика», «12 нүкте жаттығуы», «Айна» жаттығулары жүргізіліп, соңында тренинг жаттығуынан алған әсерлерімен бөлісті.