Размер шрифта:

2025 жылдың 14 мамырында мектебіміздің 10-сынып оқушылары “Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасы” ШЖҚ КМК-на танымдық экскурсияға барды

Дата: 2025-05-19 09:25:16
2025 жылдың 14 мамырында мектебіміздің 10-сынып оқушылары “Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасы” ШЖҚ КМК-на танымдық экскурсияға барды. Экскурсия барысында оқушылар аурухананың құрылымы, әр бөлімшенің атқаратын қызметі және медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмыс тәртібімен жақынырақ танысты. Сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, науқастарды қабылдау мен тіркеу үдерісі, зертханалық зерттеулердің жүргізілу тәртібі жөнінде жан-жақты мәлімет алды.
 
Іс-шараның басты мақсаты – болашақ медицина мамандарының кәсіби бағдарын қалыптастыру және осы салаға деген ынтасын арттыру болды.
 
Кездесу өте мазмұнды әрі пайдалы өтті.