2025 жылдың 13-і күні мектеп психологы Абдуалиева З.Н. 11-сынып оқушыларымен психологиялық тренинг жаттығуын жүргізді.

Дата: 2025-01-13 18:56:35

2025 жылдың 13-і күні мектеп психологы Абдуалиева З.Н. 11-сынып оқушыларымен психологиялық тренинг жаттығуын жүргізді.Мақсаты: оқушылардың ҰБТ-ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру. Психологиялық білім тестке дайындау тиімділігін арттырып, тест кезінде тапсырушының өзін ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймай, ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде жұмысқа жұмылдыруға, эмоцияларын қолға алуға көмектеседі.  Оқушылардың алаңдаушылық күйінің алдын алу, стреске қарсы тұру мүмкіндігін жоғарылату, өз-өзіне сенімділігін арттыру, өзін-өзі бақылауды  дамыту, өзара жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында «Он бөлме», «Кедергіден өту», «Психикалық жүйке күйзелісін төмендету әдістері» жаттығулар жүргізіліп, кеңес берілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, қызығушылықпен қатысты.