Қаңтар айының 5-і күні "Қысқы мектеп" жұмыс жоспарына сәйкес математика пәні мұғалімдері А.Б. Жақсыбаева мен К.А. Аманжолова "Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау дағдысын дамытуда сандық білім ресурстары" тақырыбында воркшоп өткізді

Дата: 2025-01-12 07:56:38

Қаңтар айының 5-і күні "Қысқы мектеп" жұмыс жоспарына сәйкес математика пәні мұғалімдері А.Б. Жақсыбаева мен К.А. Аманжолова  "Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау дағдысын дамытуда сандық білім ресурстары" тақырыбында воркшоп өткізді.  Мақсаты: заманауи технологияларды пайдалана отырып, математикалық білімді меңгеруді тиімді және қызықты ету, оқушылардың аналитикалық ойлау қабілетін арттыру, шығармашылық шешім қабылдауын дамыту және олардың цифрлық сауаттылығын жетілдіру. Іс-шараға бастауыш және математика пәнінің мұғалімдері қатысты. Воркшоп қатысушылары тәжіребе алмасып, арнайы әдістемелерді тәжірибеде қолданудың артықшылықтарын талқылады.