Размер шрифта:

«Ұлттық құндылық тәрбие бастауы» тақырыбында өткен қалалық сынып жетекшілерге арналған семинары

Дата: 2024-12-23 09:53:52

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұлттық құндылық тәрбие бастауы» тақырыбында өткен қалалық  сынып жетекшілерге арналған семинарға  ата- аналар, сынып жетекшілер қатысты. Мақсаты- «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру арқылы білім алушыларды, ата-аналарды, педагогтерді іс-шараларға тарту арқылы жеке құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамалары болып табылады. Шарада мектебіміздің «Ағалар»  мектебі бойынша    атқарылып жатқан жұмыстар  көрсетілді.   
  Бастауыш сынып мұғалімі Нурмаханова Динара Камалбековна   "Біртұтас тәрбие " бағдарламасының "Қамқор" әлеуметтік жобасы бойынша  мектеп жұмысын және сыныбымен атқарылған жұмыстарды қорғады. Жоба мақсаты: оқушылар арасында қамқорлық және түсіністік атмосферасын қалыптастыру, Балалар бойында адамгершілік сана-сезімді, құндылықты  сезімдер мен  ізгілік қасиеттерді, қайырымдылық,   жолдастық, мейірімділік,    ынтымақтастық  ізгілік жасау дағдылырын қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.     Семинар соңында "Балқаш қаласының білім бөлімінің"  Алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз!