«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі»КММ-ның 2Ә, 2Б сыныбы бойынша өткізілген үйірме жұмысының ақпары
Дата: 2024-11-29 09:54:22
«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі»КММ-ның 2Ә, 2Б сыныбы бойынша өткізілген үйірме жұмысының ақпары
2Ә, 2Б сыныбында 29 қазан күні «Жұмбақтар сандығы» үйірмесі өтті. Тақырыбы «Суретті жұмбақтар». Мақсаты: Балаларға жұмбақ туралы білім беру. Ой-өрісін дамыту. Тіл байлығын жетілдіру. Оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған санды -әріпті сөзжұмбақтар, суретті жұмбақтар алынып, оларды шешудің тиімді тәсілдері көрсетілді.Сабақ барысында ойын элементтері алынып, жасырынған кейіпкерді тап және оны рөлдік сипатта көрсетіп таныстыру ұсынылды.Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың белсенділігі жоғары болды, асқан қызығушылық танытты