«Түлекке көмек», «Оқуға қайда бару керек» тақырыптарында оқушыларды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға кеңестер берілді.
20 қыркүйекте кәсіптік бағдар беру аясында 9 – сыныптарда «Сіздің кәсіби мансабыңыз», «Түлекке көмек», «Оқуға қайда бару керек» тақырыптарында оқушыларды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға кеңестер берілді. Мақсаты: Оқушының өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету. Мамандық таңдау – үлкен өмірге қадам басардағы ең жауапты сәттердің бірі. Себебі осы бағыт – бағдар адам ғұмырының алдағы болашағына өз әсерін тигізеді. Дұрыс жол тапса дүниеге пайдасы бар кірпіш ретінде қаланудың мүмкіндіктеріне қол жеткізетіні сөзсіз. Кәсіптік кеңестер арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алды. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылды. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер берілді.