Ата-аналар жиналысының хаттамасы
Күні: 15.11.2024 Қатысқаны: 18 Қатыспағаны: 11
Күн тәртібінде:
1.І тоқсанның білім сапасы (сынып жетекшісі Скакова Л.А.) 2.ҰБТ-ның қазан, қараша айларында өткен байқау тесттің салыстырмалы қорытындысы (сынып жетекшісі Скакова Л.А.) 3. Оқушылардың ұйқы мен денсаулық режимі (Сатбекова М.Қ)
1.Тыңдалды.Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісіЛ.Скакова сөз алып ата-аналарды 11 сынып оқушыларының 1 тоқсан бойынша білім сапасы туралы ақпарат берілді. 2024-2025 оқу жылындағы білім сапасы 55 % құрайтынын айтты. 2.Тыңдалды. ҰБТ-ның қазан, қараша айларында өткен байқау тесттің салыстырмалы қорытындысы айтылды. Қазан айында 29 оқушы байқау тестін тапсырды. Сапасы 54% құрады. Жоғарғы ұпай жинаған оқушы Кендебай Нұрасыл 90 балл. Ең төменгі ұпай жинаған оқушылар Балтажан Нұрай, Райымкулова Мадина 44 балл Қараша айында 28 оқушы байқау тестін тапсырды.Білім сапасы 58% құрады. Жоғарғы ұпай жинаған оқушы Кендебай Нұрасыл 88 балл.Ең төменгі ұпай жинаған Серікова Дильназ 39 балл. 3.Тыңдалды. Мектеп медбикесі Сатбекова М.Қ. Ал балаларыңыздың ми жұмысын жақсартатын тағамдарды жеу,тыныш ұйқы мен өзімізді ұстай білуіміз жейтін тағамымызға байланысты.Сондықтан дұрыс тамақтану керек.Ұйқының уақыты, орны, ұзақтығы сынды қасиеттері сақталған жағдайда ғана түнгі ұйқы балаңыз үшін маңызды бола алады. ҰБТ-ға дайындық және оның талаптары барысында ата-аналарға ұйқы мен денсаулық режимікөмегі туралы айтты. ҰБТ алдындағы түнмакарон, күріш, картоп және нан секілді крахмалы бар тағамдар тыныш ұйқыны қамтамасыз етеді. Бір стақан жылы немесе суық сүттің де пайдасы зор. Кейбіреуі сүттің құрамында ұйықтауға көмектесетін «l-Tryptophan» бар екенін айтады. Ал кофе мен кола керісінше ұйықтауға кедергі жасайды.
Шешім: 1.Мектеп медбикесі М.Қ.Сатбекованың кеңес беруі жүзеге асырылсын. 2.Блім алушылардың ҰБТ-ге дайындығын бақылау мақсатында желтоқсан-қаңтар айлары аралығында мектепішілік тест жұмыстары алынсын. 3. Ұлттық біріңғай тестілеуге оқушылардың дайындығы күшейтілсін. 4. Ата-аналар балаларына қолдау көрсетіп, Ұлттық біріңғай тестілеуге оқушылардың дайындығы қадағалансын.
Сынып жетекшісі: Скакова Л.А.