2015ж. Жалпы білім беретін №8 орта мектебіндегі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар ақпары

Дата: 2015-08-19 05:10:35
2015ж. Жалпы білім беретін №8 орта мектебіндегі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар ақпары

   2015жылдың 1-тамызынан 30-қыркүйек аралығында «Мектепке жол» респуликалық қайырымдылқ акциясы жарияланды. Республикалық қайырымдылық акциясына жұмыс жоспары құрылып,  бекітілді. №8 қазақ орта мектебінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасын табуда.
   Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларды тіркеу журналы басталып, оған көмек қажет ететін ата-аналар тіркелуде. Қаламыздағы меценаттарға мектеп әкімшілігі атынан хат жолданды.
   Аз қамсыздандырылған отбасы және көпбалалаы отбасыларға көмек беріледі. Бұған мектебіміздің ұстаздары демеушілік көрсетуде.
   Мектебіміздің ұстаздары киім-кешек, оқу-құралдармен аз қамтылған оқушыларға көмектесуге ат салысуда. Акция жұмысы одан әрі жалғасуда.