Оқушылармен жүргізілген қарым-қатынас тренингінің қорытындысы
Оқушылармен жүргізілген қарым-қатынас тренингінің қорытындысы
Мақсаты:Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Тренинг барысы : Мінез-құлқы, көңіл күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әртүрлі адамдарды түсіне білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжрибесінен алынады. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалыптаса алады.
Олай болса бүгінгі тренингіміз «Қарым-қатынас тренингі» деп аталады.