«Медицинаға қадам»

Дата: 2024-01-09 11:52:38

«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, «Медицинаға қадам» облыстық жобасы бойынша «Медицна мамандары» блиц турнирі ұйымдастырылды. Медицина саласын таңдауға бел буған жоғары сынып оқушылармен кездесуге «Балқаш қаласының медициналық колледжі» мамандары фармацевт Еркеайым Мейрамханқызы және акушер-гинеколог, арнайы пәндер оқытушысы Әмина Асановна келді.
Әмина Асановна дәрігер мамандығын таңдау оқиғасы, отандық медицинаның дамуы, дәрігер ие болуы тиіс қасиеттерге тоқталса, Еркеайым Мейрамханқызы оқу жүйесінің ерекшелігі туралы баяндап берді.
Айта кетейік, мектебімізде кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында оқушылармен викторина, әңгімелесу, тақырыптық сағаттары өткізіліп, тестілеу жүргізіледі. Кейін оқу профилі бойынша кеңестер беріледі, оқу орындарына экскурсия