КӘСІБИ БАҒДАР-БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ!

Дата: 2024-01-09 11:24:51

КӘСІБИ БАҒДАР-БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ!
Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебінің 9-11 сынып оқушыларына арнайы қонақ шақырылды. Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша жылдық жоспары аясында «Зиялы тұлғамен кездесу» айдарында ұйымдастырылған кездесуге
"Kazakhmys" корпорациясының ардагерлері Арзымбетов Мақсат Адамбаевич еңбек өтілі 42 жыл |,||,|||дәрежелі “Еңбек Даңқы” орденінің құрметті ардагері;
Есембеков Кабдырахман Мукажанович еңбек өтілі 42 жыл “Құрметті еңбек ардагері” орденінің құрметті ардагері; Имангалиева Канымжан Аркабаевна еңбек өтілі 36 жыл ||| дәрежелі “Еңбек Даңқы” орденінің құрметті ардагері қонақ болып келді.
Құрметті еңбек ардагерлері мамандық таңдаудағы естен кетпес шақтары, адам бойында адамгершілік, әділеттілік, отанға адал қызмет ету сияқты тақырыпта сөз қозғап, қызметке көп еңбектің арқасында келгендігі жайында айтты. Шара барысында оқушылар көптеген сұрақтар қойды. Мамандық таңдаудағы кезеңдері, жалпы өмірі жайлы сұрақтар қойып, толық жауап ала алды.
Оқушылар келген қонаққа алғысын, тілектерін білдіріп, осындай кездесудің жиі болуы жайлы ниет білдірді.