Жас мамандармен жұмыс

Дата: 2023-12-05 13:56:08

  Жас мамандармен жүргізілген тренинг жаттығуының қорытындысы

 

Мектебімізде 16 қараша күні жас мамандармен тренинг жаттығуы жүргізілді.

Мақсаты: жас мамандар арасында жағымды психологиялық ахуал тудыру, психологиялық көңіл-күйлерін көтеру, өздеріне құрметпен қарауға баулу, ұжымда позитивті, сыйластық қарым-қатынас орнату және топтасып жұмыс жасау жүйесін әрі қарай дамыту.

Педагогтың өзінің алдына қойған жоғарғы талаптардың көрсеткіштері, педагогикалық әдеп туралы талқыланып, «Менің бойымдағы сіздер білмейтін қасиет...» атты ойын, «Мұнара» жіптік курс техникасы, «Құпия дос» жаттығулары жүргізілді.

Мұғалімдердің ситуациялық жағдайлардан шығу мүмкіндігін бағалау, оқушылардың тілін тауып, жағымды эмоциялық қарым-қатынасты нығайту мақсатында көптеген жағдаяттар талқыланып, жас мамандар өз ойымен бөлісті.

                 

Тренинг жаттығулары педагогтардың бірін-бірі түсінуін, өзін жетілдіру, өзін-өзі тануын дамытады. «Ұжым жүрегі, әріптес тілегі» жаттығуында психологиялық тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, әріптестеріне жақсы тілек айтты. Соңында жас мамандарға кеңестер берілді.

 

                                                                               Психолог:  Абдуалиева З.Н.