психологтың жарты жылдық есебі

Дата: 2023-12-05 12:17:43

Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы

 жалпы білім беретін мектебі»КММ

2023-2024 оқу жылындағы психологтің жүргізген

жарты жылдық есебі

                      

Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты :

     Әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, өзін-өзі дұрыс бағалайтын, ақыл-ой қабілеті жақсы дамыған, өзінің мінез құлқына сын көзбен қарай алатын, өзін қоғамның бір мүшесі ретінде сезінетін тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.

Мектеп психологиялық қызметінің міндеті :

     Оқушылардың қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын, денсаулығын ескере отырып олардың өз мүмкіндігін анықтауына көмек көрсету.

Даму, оқу, әлеуметтенудегі өзекті міндеттерді шешуде оқушыларға көмек жасау: оқу қиындықтары,  бейінділігі мен мамандық таңдаудағы мәселелер, эмоционалдық ерік сферасыңың кемшілігі, құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен тұлғааралық қарым-қатынастағы мәселелер.  

     Оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін (психологиялық мәдениетін) дамыту.

    Жоғарыдағы міндеттерді басшылыққа ала отырып, дамуға бағытталған мектеп мазмұнына сәйкес мұғалімдер мен сынып жетекшілердің сұраныстарына сәйкес психологиялық қызметтің басым бағыттары анықталады.

2023-2024 оқу жылындапсиходиагностикалық, профилактикалық, психоконсультациялық ,психокоррекциялық бағытта жұмыстар жүргізілді.

  

     Қыркүйек айында Девиантты мінез – құлықты оқушылармен арнайы жоспар құрылып, тұрған оқушылармен диагностикалық жұмыстар  жүргізілді. Агрессиялық  сауалнамалар алынды қауіп – қатерде тұрған бала жоқ.

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте» 9-11 сынып оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы әңгімелесу өтті. Бұл шараға мектеп директоры Абдуалиева А.Т., мектеп инспекторы Байбусинова Д. О., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алпысбаева А.С., мектептің әлеуметтік ұстазы Берикказиева А.Ф. қатысты. Алдын алу шарада оқушыларды өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, адамгешілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу негізделді. Мектеп инспекторы оқушыларға қатаң түрде ескерулер жасады, кешкі уақытта далада жүрмеуіне байланысты. Сондай-ақ мектептін ережелеріне қатаң түрде бағынып, сабақтан себепсіз қалмауларын ескертті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зиянды әдеттерден аулақ болу, жас ағзаларын уландырудан сақтау, есірткі қылмысының алдын алу, басты байлық –денсаулық екендігін ұғындыру мақсатында жалпы білім беретін Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептебінде9-11 сыныптар арасында өткен ЖҚТБ нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікке қарсы тест, сауалнама өтті.

Мақсаты: ЖҚТБ –дан сақтандыра отырып оқушыларды, болашақтың тірегі болатын дені сау азамат болуға баулу.

Қазір, әсіресе, жастардың жазылмас жан жарасы – есірткіге тәуелділігі еліміздің бас ауруына айналып отыр. Сондықтан да есірткі бизнесінің алдын алуда оған қарсы насихат жүргізудің алар орны ерекше.

 

 

 

 

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігі

аясында «Балалар құқығы» тақырыбында әлеуметтік ұстаздың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау.

Дөңгелек үстелге мектеп парламенті құрамындағы оқушылар қатысты.

Оқушылар бала құқықтары туралы заңдармен танысып,балалардың құқықтарын қорғау туралы негізгі және рәсімдік ережелер талқыға түсті.  Олардың ішінде: өмір сүруге, есімінің болуына, азаматтыққа және т.б. ие болу құқықтары; аман-сау отбасылық өмір құқығы; сәбидің жеке басының еркін дамуын қамтамасыз ететін құқық; денсаулығын сақтау нығайту құқығы; білім алу мен мәдени даму құқығы; төтенше жағдайларда баланы қорғау құқықтары жайлы айтылды.

 

 

 

 

 

                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектебімізде  “Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” ақпараттық науқаны аясында 8-11 сынып оқушылары «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында эссе жазды. Балалар – өздеріне қатысты қатыгездіктің барлық түрлерінен ерекше қорғауды және жоюды талап ететін азаматтық қоғамның ең қорғансыз санаты болғандықтан өз ойларын кеңінен қағаз бетіне түсіре білді. Мақсаты: балаларды қатыгездік және немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару;
- қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеу көзқарасын қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте» КММ  8 «Б» сынып оқушылар арасында «Жаман әдеттен сақтан жас дос» іс-шара өтті. Бұл шараға мектеп медбикесі М.К.Сатбекова, мектептің әлеуметтік ұстазы А.Ф.Берикказиева қатысты. Шараның негізгі мақсаты оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зияны, әртүрлі жөтел, асқазан, тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді сіңіріп, тазалыққа, ұқыптылыққа дағдылану.

Іс-шарада оқушылар топтық жұмыстар, сұрақ- жауап, шығармашылық тапсырмалар орындады. Оқушылар белсене қатысып, ойларын еркін түрде жеткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте» КММ 2023 жылдың  8-11 сынып оқушылар арасында құқық бұзушылықтың және  діни ағымды алдын алу шаралары туралы әңгімелесу өтті. Бұл шараға әкімшілік полицияның басшысы Е.М.Жумангалиев, дін істері орталығының “Теолог” маманы Қ.С.Тұрлыбек, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Алпысбаева, мектептің әлеуметтік ұстазы А.Ф. Берикказиева қатысты. Алдын алу шараларда оқушыларды өз құқықтары мен еркіндіктері туралы, адамгешілікке, елжандылыққа, құқықтық және діни сауаттылыққа тәрбиелеу негізделді.

Әкімшілік полицияның басшысы Е.М.Жумангалиевоқушыларға  құқықтық тәрбие туралы айтып, әлеуметтік желідегі алаяқтық нашақорлық тақырыбында түсіндіріп өтті. Түсіндіру барысында олардың  ҚР заң кодексінің баптарымен де таныстырып, қолданылатын шаралар мен айып пұлдарды айтып өтті.

Дін істері орталығының “Теолог” маманы Қ.С.Тұрлыбек қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында әңгімелесу жүргізді. Әңгімелесу барысында сұрақтар қойылып кері байланыс жүргізілді. Оқушылар  өздерінің  ойларындағы  сұрақтарын қойып жауап алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    2023 жылдың  1-7 сыныптарда «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында Сынып  жетекші сағаты өткізілді.

Күн тәртібінде:

1. І- тоқсанның қорытындысы.

2.«Құқық бұзушылық пен оқушылардың зиянды әдеттерінің алдын алу»

3.Күзгі демалыс кезіндегі  қауіпсіздік ережелері, өткізілетін іс -шаралар                                                                                                                              4.ІІ тоқсанның басталуы, мектеп формасы мәселелері қаралды.

 

    

Жас мамандармен жүргізілген психологиялық тренинг  жаттығуы

Мақсаты: топты біріктіру, команда қалыптастыру. Көшбасшыларды анықтау.

                       

  

«Мықты отбасы – ел болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

   Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу.

 

 

       
   
 
 

 

 

 

 

 

 

 

«Діни экстремизмнің алдын алу» мақсатында жұмыс жүргізілді. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдердіауырлатып көрсетіп, халыққа  үлкен қылып көрсетіп бағады. Ата – аналармен сауаттандыру жұмыстары жүргізілді.  Ата – аналарға жадынама таратылды.

Аутодеструктивті   және асоциалды мінез – құлықтың алдын - алу және эмоционалды   интеллектіні  дамыту тақырыбында 7 – сыныптармен тренинг жаттығулары жүргізілді.     

          

 

 «Менің мамандығым - менің болашағым» атты тренинг жаттығуы өткізілді.

Мақсаты:Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.

 

 

 

 

                         

10 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг жаттығуы жүргізілді.Мақсаты: оқушылардың өзіне деген сенімділігін  арттырып, психологиялық тұрғыда жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушылардың алаңдаушылық күйінің алдын алу, стреске қарсы тұру мүмкіндігін жоғарылату, өз-өзіне сенімділігін арттыру, өзін-өзі бақылауды  дамыту, өзара жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында «Дирижер», «Психикалық жүйке күйзелісін төмендету әдістері» атты жаттығулар жүргізілді.

 

                         

«Жағымды қарым - қатынас» тақырыбында  7 – 9 сыныптар арасында тренинг жаттығуы   өткізілді. Бұл тренинг өткізілу  мақсаты -  өзара қарым – қатынасты   дамыту, бір – біріне сенімді ұйымдастыру.

 «Оқу мотивациясының деңгейін бағалау» Н.Г.Лусканованың сауалнамасы 1-4 сыныптар арасында АСППМ бағдарласы арқылы ата - аналардан алынды.Сауалнама қортындысы бойынша қалыпты деңгейде.

   Қазан айында5  - сыныптар арасында мектепке бейімделу кезіндегі жағдайын анықтау мақсатында диагностикалық жұмыспен  қатар,  пән мұғалімдерінен  сауалнама алынып жән топ лидерлерін анықталды.  Пән  мұғалімдерден алынған сауалнамада. Пән мұғалімдер  белсенді оқушыларды  өте көп көрсеткен. Ал оқушылар өз арасында лидер оқушыларды  ғана белсенді деп жазған. 

Қорытынды: Жүргізілген сауалнама қортындысы бойынша оқушылардың орта мектепке икесделу   кезеңіндегі қиындықтарды ескере отырып, оқушылардың жеке бас   ерекшелігіне қарай   қарым – қарынас  жасау керек.

Дж. Мореноның «Социометрия» әдісі бойынша 5- сынып оқушылары арасында әлеуметтік – психологиялық сауалнамасы жүргізілді.Сыныптағы оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды бағалау, сыныптағы бірліктің дәрежесін өлшеу және әр топ мүшелерінің топ ішіндегі өзіндік орнын анықтау. Сынып оқушыларының арасында лидер және шеттеп қалған оқушыны анықталды.

«Емтиханға қалай дауындалу керек?», «Психикалық   жүйке күйзелісін  төмендету әдістері »11 -   сыныптар  оқушыларына тренинг жаттығуы  жүргізілді. Оқушылардың алаңдаушылық   күйінің  алдын алу, стреске қарсы тұру мүмкүндігін жоғарлату, өз –өзіне  сенімділігін арттыру, өзін -  өзі бақылауды дамыту, өзара  жағымды қарым –қатынас  орнату мақсатында жаттығулар жүргізілді.

«Адам өзіне қалай сенімді бола алады ?»  атты оқушылармен психологиялық кеңес өтті. Мақсаты: Өзіне деген сенімділіктерін арттырып,  жігерлі  болуға үйрету. Қалай өзіне сенімдібола алады өзіне және  өз  өміріне сенімді адам, өзінің жекеқұндылықтары  мен  мінезі ерекшеліктеріне   еркін басшылық етуі    жайлы сөз қозғалды. Сұрақтар қойылып, оқушылар өзі туралы жақсы қасиеттерді   естігенде қандай күйде  болғандығы жөнінде өз ойларпын ортаға салды.

«Қыз  тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыпта қыздар жиналысында тренинг жаттығуы  жүргізілді. Мысалы: қыз балаға адамгершілік, адалдық,  іс – қимыл, жүріс – тұрыс  дағдысы  қыз   намысы,  сымбаты туралы жан -  жақты мағұлмат   беру арқылы   қыз балалардың бойына  рухани – адамгершілік, әдептілік, сыпайлық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Оқушы қыздармен көңіл  -  күйге байланысты тренинг өткізілді және психологиялық кеңестермен бөлісті. Әңгіме барысында қыздар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сұрақ -  жауап, пікір алмасуға ұласты.

«Бала құқығы-адам құқығы» атты жоспар аясында іс-шаралар өтті.

 

 

 

 

Қараша айында «Отбасылық ортада біз өсеміз» интерактивті қарым-қатынас атты іс-шара өтті.

Мақсаты:

  • Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру.
  • Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Оқу жылынын аяғында жоспарға сәйкес  «Буллинг, кибербуллинг деген не және одан қалай сақтанамыз?» тақырыбында  жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналарға балаларының әлеметтік желілердегі  қауіпсіздігі жайлы, кибербулингке тап болған жағдайда не істеу керектігі жайлы психологиялық кеңестер беріліп өтті.

 

       
   
 
 

 

 

 

 

                                                                          

 

 

  «Буллинг, кибербуллинг және одан қорғалу жолдары» тақырыбында 8-11сыныптар арасында  бейнебаяндар  көрсетіліп, кеңестер берілді.

    Мақсаты:Оқушыларға зорлық-зомбылықтың кері әсерлерін түсіндіру. Ата-аналармен жағымды қарым-қатынас орната білуге үйрету. Оқушыларға зардап шеккен жағдайда психологиялық тұрғыдан күресе білуге тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жас мамандарға арналған психологиялық жұмыс жүргізілді. Жас мамандарға  көмек көрсету  және ұжымда жағымды психологиялық  ахуал  қалыптастыру. Жас мамандармен сұрақ - жауап жүргізіліп,  ойларымен бөлісті. Мұғалімдердің ситуациялық жағдайлардан шығу мүмкіндігін бағалау, оқушылардың тілін тауып, жағымды эмоциялық қарым-қатынасты нығайту мақсатында көптеген жағдаяттар талқыланып, жас мамандар өз ойымен бөлісті.

Тренинг жаттығулары педагогтардың бірін-бірі түсінуін, өзін жетілдіру, өзін-өзі тануын дамытады. «Ұжым жүрегі, әріптес тілегі» жаттығуында психологиялық тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, әріптестеріне жақсы тілек айтты. Соңында жас мамандарға кеңестер берілді.

"Ата-ананың баламен қарым-қатынасы" И. М. Марковскаяның сауалнамасы АСППМ бағдарламасымен алынды. Мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына арналған. Сауалнама қортындысы бойынша қалыпты деңгейде.

Қараша айындапедагогтермен жүргізілген тренинг жаттығуы жүргізілді

Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, өзін еркін сезінуге көмектесу. «Эмоция», «Айна» жаттығуларын жүргізу барысында ұстаздар вервальді және вервальді емес қимылдар жасай отырып, өзара байланыс жасау қабілеттігін аңғарта білді.

 

Ерекше білімді  қажет ететін оқушыларды түзете-дамыту жұмыстары жүргізілді

Мақсаты:Дамыту ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта - ьқыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамыту ойындарға қойылатын бipiншi талап - оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту

 «Менің отбасым-сыйластық,жарастық орнаған орта!» атты ата-аналарға психологиялық тренинг өтті.Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

Ата-аналар ситуациядан шығу жолдарымен бөлісіп,тренинг көңілді пікірталасқа ұласты.

                  

Соңғы жылдары арнаулы білім  жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту өзекті мәселенің біріне айналды. Сондықтан қазірге кезде ерекше білімді оқушыларды шектеусіз оқуына мүмкіндіктер жасалып жатыр. Осыған орай Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде инкюзивті оқушылар арасында өткен «Ең ақылды оқушы» атты  интеллектуалды ойын өтті. Мақсаты: оқушылардың тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру арқылы қызығушылықтарын арттыру. Балалардың жан-жақты қабілеттерін ашу және логикасын, қиялын есте сақтау қабілеттерін шығармашылықтарын дамыту. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. «Ең ақылды оқушы» атты  интеллектуалды ойынға оқушылар қызыға қатысты. Өздерінің белсенділіктерін, қызығушылықтарын көрсете білді. Оқушылар ойын сонында оқушылар ойын туралы пікірлерін білдіріп, мақтау қағаздарымен марапатталды.