сыр-сұхбаты сұрақ-жауап

Дата: 2023-10-06 15:56:27

29.09.2023ж. күні еңбек күніне байланысты кәсіби бағдар жетекшісі Б.Н. Жетпіс «Еңбегімен ел таныған» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.  Кездесудің қонағы- жергілікті ақын, жалынды журналист, шежіреші, жеті өнерді бойына жиған сұңғыла сазгер Қуандық Мақсұтұлы Сәденов. Жас кезінен жасындай жарқылдап, жақсы орталарда жайдары мінезі мен терең білімі, өзіндік стилімен ерекшеленіп танылған ақынның сыр-сұхбаты сұрақ-жауап түрінде еркін форматта, емен-жарқын өтті. Ағамыз өзі жайлы айтқан әңгімелері мен жастық шағына деген өзгеше бір сағыныштың тәтті сезімдері іс-шараға қатысушы оқушылардың көңілін толқытып, тамаша әсер қалдырды.