«Заңды білу – заман талабы» атты интеллектуалды сайыс
«Заңды білу – заман талабы» атты интеллектуалды сайыс
Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана алуға баулу мақсатында Ата заңымыздың 20 жылдығына орай 9 сыныптар арасында «Заңды білу – заман талабы» атты интеллектуалды сайыс 05.05.2015 жылы өткізілді. Сайысқа 9 сыныптардан 4 топ қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Сайыс 5 бөлімнен тұрды:
1. Визиткалық карточка (топ аты, топ ұранымен таныстыру)
2. Сұрақ – жауап(әр топқа 5 сұрақтан)
3. Орнына қой(Конституция баптары бойынша)
4. Үй тапсырмасы(плакатты қорғау)
5. Тест(Капитандар сайысы)
6. Мақал-мәтел.
Сайысқа 11-сынып оқушылары яғни мектеп түлектері әділ қазылық жасады.
Қорыта келгенде 1- орынды 9 Ә сыныбының «Жалын» тобы , 2-орынды 9 Г сыныбының «Заң» тобы иеленетін болса, 3-орынға 9 Б сыныбының «Достық» тобы ие болды .