Көктемгі кадет балы

Дата: 2015-05-02 03:52:20
Көктемгі кадет балы

Жалпы  білім беретін №8 орта мектебінде   алғашқы  көктемгі  кадет балы   өткізілді. Кадет балының  бағдарламасында  «Полонез»,  «Менуэт» ,«Вальс»  «Кадет  вальсі» орындалды. Алғашқы  кадет сыныптарының  балына  әскери  бөлімнен  офицерлері де  қатыстырылды. Мектебіміздің ардагер  ұстаздары  Сәтімбек Сламбекович , Шайза  Рыскуловна  және  Білім  және дене шынықтыру бөлімінің  басшысы Г.Ж.Ағдарбекова  мен  әдіскерлер қонаққа  шақырылды.Балды  мектеп директоры А.Т.Төкейбекова  сөз сөйлеп салтанатты  түрде  ашық деп жариялады. Кадеттер  шамдарды  жарқырата  жағып,  әдемі  билерімен көңілге  жақсы  әсер қалдырды. Алдағы  уақытта  бұл бал  дәстүрге  айналмақ.