Психологиялық тренинг

Дата: 2015-04-16 06:01:53
Психологиялық тренинг

Оқушылармен жүргізілген тренинг жаттығулар

Мерзімі: сәуір, 2015 оқу жылы

Сынып:11А,Ә

Тренинг жаттығулары

Мақсаты:өз сезімдері туралы ойланып, басқалармен бөлісуге үйрету,қиын-

шылықты жеңе білу дағдыларын ,қалыптастыру ,енімділіктерін арттыру.

Өткізілу барысы:

1-жаттығу «Сөйлейтін қолдар»

Оқушылар шеңбер жасайды.Ішкі және сыртқы.Олар жүргізушінің белгісі арқылы орындарын ауыстырады.

Оқушылар жұптасып бір-біріне қарап тұрады.Жұптағылар бір-бірімен сөйлеспей қолдарының көмегімен ғана қарым-қатынас жасайды.Тапсырманы жүргізуші береді.

1.Қолмен сәлемдесу.    2.Қол күрестіру.                 3.Қолмен достасу.

4.Қолмен қысу.             5.Қуанышыңды білдіру.    6.Сөз айту.

7.Сәттілік тілеу.            8.Қолмен қоштасу.

Талқылау сұрақтары: жаттығу барысында не оңай болды?

-Не қиынға соқты?

-Ым-ишараны ұғына білдіңдер ме және дұрыс ұғауға не көмектесті?

2-Жаттығу «Диірмен»

Мақсаты:оқушылардың кедергіден өту қабілеттерін байқау,қиыншылыққа табандылық таныта білуге ,сенімділікке үйрету.

Оқушылар екіге бөлініп бір-біріне қарама-қарсы тұрады.Екі қолдарын алға созып қайшылап диірменді бейнелейді.Оқушылар бір-бірден осы кедергіден «Мен келе жатырмын!» деп өтеді.Қалай өту керектігін өздері біледі.

Талдау:жаттығу барысында өзіңді қалай сезіндің?Кедергіден өтуқиын болды ма?

Қорытынды:оқушылар  тренинг барысында өздерін еркін сезінді,белсенділік танытты.Әрқайсысы өз ойларын,ішкі сезімдерімен бөлісе білді.

Ұсыныс:жаттығулардың дер кезде  жүргізілуі оқушылардың қобалжуын сейілтуге,өздеріне деген сенімділіктерін арттыруға көмектеседі.Жаттығу барысында оқушылардың іс-әрекеттері мен пікірлерін назарға ала отырып алдағы уақыттағы жұмыс ұйымдастыруда  ескеру керек.