Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған конференция

Дата: 2015-04-15 09:41:33
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған конференция

  Жалпы білім беретін №8 мектеп әкімшілігі кадеттік білім мен тәрбие беруде  ізденіспен жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінде балқаштық кадеттер тек туған қаламызда ғана емес, облыс орталығында да таныла түсуде. Жақында ғана Қарағанды қаласындағы «Авиация және космонавтика мұражайы» Қоғамдық ұйымының және «Сарыарқа дарыны» орталығының  ұйымдастыруымен Халықаралық космонавтика күніне және Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналып өткізілген конференцияда №8 мектеп директоры А.Т.Төкейбекова баяндама жасап, кадеттік білім беру бағдарламасымен таныстырды. Әскери-патриоттық тәрбие беруде кадеттік қозғалыс арқылы жеткен жетістіктер туралы баяндады. Конференцияға қатысқан Қарағанды қаласының №35, 58, 91 мектептеріндегі әріптестермен  кадеттік білім беру барысы туралы пікір алмасты. Конференция барысында  «Кадеттік қозғалыс және гендерлік саясат», «Кадет сыныптарының құқық бұзушылықтың алдын алудағы ролі», «Кадеттер және туризм» сияқты тақырыптарды талқылау арқылы тәжірибе толықтырды.
  Екі күнге созылған конференцияның жабылу салтанатында балқаштық кадеттер өз өнерлерін көрсетіп, әскери машықтарымен қарағандылықтарды тәнті етті. Конференция қорытындысы бойынша мектеп директоры А.Төкейбекова және алғашқы әскери дайындық жетекшісі Т.Ерімбетов Білім және ғылым министрлігінің қосымша білім беру Департаментінің алғыс хатымен марапатталды.