ЖББ №8 орта мектебінің 2014-2015 оқу жылындағы 1.04-10.04 аралығында "Дұрыс тамақтануды ұйымдастыруды толық жетілдіру" онкүндігінің ақпары
ЖББ №8 орта мектебінің 2014-2015 оқу жылындағы 1.04-10.04 аралығында "Дұрыс тамақтануды ұйымдастыруды толық жетілдіру" онкүндігі өтті. Әлеуметтік ұстаз А.К.Манаева және С.Рамазанованың бірігуімен әртүрлі іс-шаралар жүргізілді.
1.04 күні "Ас адамның арқауы" атты 5-7 сыныптар арасында оқушыларға дәрумендері мол тағамдарды және оның пайдасын таныстыру лекциясы оқылды.
2.04. күні Мектеп асханасында "Дұрыс тамақтану" бұрышы ұйымдастырылды.
3.04.күні "Менің таңдауым-денсаулық!" тақырыбында дәрігердің қатысуымен әңгіме жүргізілді.
4.04. күні "Дұрыс тамақтанудың ағидалары", "Артық дене салмағының алдын-алу","Балалардың тамақтану ерекшеліктері" сыныптар арасында кездесулер өтті.
05.04. күні "Мектеп асханасына көңіліңіз тола ма?" атааналар арасында кездесу өтті.
06.04. күні "Дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына әсері" 2-8 сыныптар арасында диктант жазылды.
07.04. күні "Ас-адамның арқауы" тақырыбында 3-4 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өтті.
08.04. күні "Аш балаға-ақыл дарымайды" тақырыбында 9-10 сыныптар арасында пікірталас жүрді.
09.04. күні "Дәмді және пайдалы дастархан" тақырыпта сурет байқауы ұйымдастырылды.
10.04. күні Асханада ыстық тамақтың сапалы берілуі бақыланды.