«Дұрыс тамақтануды толық жетілдіру»
Дата: 2015-03-31 06:08:48
ЖББ№8 орта мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануына байланысты мектебімізде бекітілген жоспар бойынша әлеуметтік ұстаз, медбике, сынып жетекшілердің бірігуімен әр түрлі іс – шаралар жүргізілді.Мектеп асханасының бұрышын ұйымдастыру жағынан мектеп медбикесі ұйымдастырып, сонымен қатар әлеуметтік ұстаз және сынып жетекшілермен бірігіп өткен «Менің таңдауым-денсаулық», «Дұрыс тамқтанудың қағидалары», «Дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына әсері», «Ас-адамның арқауы», «Аш балаға-ақыл дарымайды», «Дәмді және пайдалы дастархан» атты тақырыптарында түрлі жұмыстар жасалды. Сондай - ақ «Мектеп асханамызға көңіліңіз тола ма?» атты ата –аналар арасында сауалнамалық сұрақтар жүргізілді.