«Дұрыс тамақтануды толық жетілдіру»

Дата: 2015-03-31 06:08:48
«Дұрыс тамақтануды толық жетілдіру»

ЖББ№8 орта мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануына  байланысты   мектебімізде бекітілген жоспар бойынша  әлеуметтік ұстаз, медбике, сынып жетекшілердің бірігуімен әр түрлі іс – шаралар жүргізілді.Мектеп асханасының бұрышын ұйымдастыру жағынан мектеп медбикесі ұйымдастырып, сонымен қатар әлеуметтік  ұстаз және сынып жетекшілермен бірігіп өткен «Менің таңдауым-денсаулық», «Дұрыс тамқтанудың қағидалары», «Дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына  әсері», «Ас-адамның арқауы», «Аш балаға-ақыл дарымайды», «Дәмді және пайдалы дастархан» атты тақырыптарында түрлі жұмыстар жасалды.   Сондай - ақ «Мектеп асханамызға көңіліңіз тола ма?»  атты ата –аналар арасында сауалнамалық сұрақтар жүргізілді.