бастауыш сынып мұғалімі Рысқұл А.Қ. атты ата-аналармен дөңгелек үстел өткізді.
Дата: 2023-04-19 23:00:50
Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру барысында мектебімізде наурыздың 2 күні бастауыш сынып мұғалімі Рысқұл А.Қ. атты ата-аналармен дөңгелек үстел өткізді. Шараның өткізудегі басты мақсаты – ата-аналармен байланысты нығайту, ата-аналардың баласының болашағына сенімін ояту. Бұл шарада ата-аналар мен оқушылар топқа бөлініп «Миға шабуыл», «Түстерді атаңыз», «Қызықты сұрақтар» қоя отырып бірнеше тапсырмалар орындады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде ата-ана мен оқушыларда сенімділік пайда болды. Дөңгелек үстелдің соңында ата-аналар өздерінің жылы лебіздерін білдірді.