"Жан жылуы - өмір шуағы" мерекелік қайырымдылық кеші
Дата: 2015-03-19 07:43:57
2015 жылдың наурыз айының 19 жұлдызында «Ұлыстың ұлы күні » наурыз мерекесіне орай қаламыздағы мүгедек балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында «Жан жылуы - өмір шуағы» атты қайырымдылық кеші ұйымдастырылды. Кешке әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөлімі қызметкерлері мен «Сарықазына» кәсіпорнының «САML» Корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік директоры Ник Шерли қатысты. Наурыз мерекесінде ақ жаулықты әжелер шашу шашса, Қыдыр ата мен Ұмай ана келіп оқушыларға батасын берді. Қалалық оқушылар сарайының өнерпаздары балаларға көңілді ән мен би тарту етті. Кеште барлығы 120-көрермен қатысып, «Сарықазына» кәсіпорнының басшылығы демеушілік көрсетіп, кеш соңында сыйлықтар таратты. Балалар кештен көңілді күймен тарасты.