Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде кадет сыныптары арасында өткен «Біз даңқты Отан қорғаушылар ұрпағымыз» атты патриоттық акция туралы ақпар

Дата: 2015-03-13 08:02:12
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде кадет сыныптары арасында өткен  «Біз даңқты Отан қорғаушылар ұрпағымыз»  атты патриоттық акция  туралы ақпар

  13.03.2015ж. күні мектебімізде кадет сыныптарының қатысуымен  «Біз даңқты  Отан қорғаушылар ұрпағымыз»   атты патриоттық акциясы болып өтті. Аталған акцияның мақсаты: Оқушылардың  Отанға деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімін арттыру, даңқты Отан  қорғаушыларымыздың ерен ерліктерін  насихаттау.
  Патриоттық акция барысында  мектебіміздің кадет сыныптары« Командир баяндамасы», «Бөлімше құрамында саптық тәсілдерді орындау», «Саптық ән» және «Қарумен әдіс-тәсілдерін» көрсетті. 6Ә кадет сыныбы  дефиле орындап , қоян қолтық күресінен үйренген жаттығуларын көрсетті. Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев және қазақтың қос жұлдызы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туралы  деректі фильмдерден үзінділер көрсетілді. Оқушылар  кадет сыныптарының қойылымдарынан жақсы әсерде қайтты. Акцияға барлығы 170 көрермен қатысты.