Оқушыларға кәсіптік бағдар бер
«Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
Оқушыларға кәсіптік бағдар бер
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Мамандық туралы жеткіліксіз білу-мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады.Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады. Сондықтан осындай жағдайдың алдын алу үшін мектепте оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына бағыт беру қажет. Кәсіптік бағдар беру жүйесі - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға кө мектесуде, мақсатты істелетін жұмыс
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері:
— оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;
— кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;
— мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;
— оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады.
Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.
Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю,құрметтеу бағытында жүргізілу керек. 5-8 сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал 9-11 сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер, әр — түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар..
Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі — өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен бірік-кен конференциялар, кәсіптік бағдарберу университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады.
Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатынсаналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мөні ерекш
Осы мақсатта оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу және пайдалы кәсіп туралы көзқарастарын дамыту үшін мектеп оқушыларын кәсіпті дұрыс таңдай білуге бағыттап, психологиялық тұрғыда әр сыныпқа кіріп әңгіме өткізіп, оқушыларға бағыт – бағдар бердім. My College сайтымен таныстырып, мамандық таңдау бойынша бағытын анықтап қажетті пәндер тізімі бері 2022-2023 жылдық жоспар құрылып жоспар бойынша іс-шаралар,экскурсиялар, мамандармен кездесу өтті Жоспардан тыс қалалық,облыстық конкурстарға қатыстық Мектепшілік өткен іс-шараларға тоқтала кетейін.
1.Кәсіптік бағдар бойынша 2022 жылдың 29 қыркүйек Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебіндегі 11 сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын диагностикалау нәтижелері бойынша сауалнама алынды. Нәтижесінде оқушылар нақты мамандықты таңдап, ол мамандықтың міндеттері мен жауапкершілігі,болашақта сұранысы бар мамандық екеніне көз жеткізіп отыр
2.Кәсіптік бағдар бойынша мектебіміздің 9-сынып оқушыларынан негізгі орта мектепті бітіргеннен кейін қандай мамандықтарға баратыны анықталды.Мамандықты анықтау барысында 82 оқушы қатысты. 18 оқушы 11 сыныпқа қалып жоғарғы оқу орнына түсуге үміттеніп отыр. Қалған оқушыларымыздың 15-і техникалық мамандыққа,8-оқушы мұғалім мамандығын, 4-оқушы дәрігер мамандығын,22 оқушы әскери мамандықты таңдаған болса, IT мамандығын 4 бала таңдап отыр ,11 оқушы
шығармашылықты таңдауда.
1.Диплом немесе дағдылар?Мамандық таңдауда қалай қателеспеуге болады?тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
2.9-11 сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын диагностикалау нәтижелері бойынша сауалнама алынды.
3.10-11сыныптар арасында « Мамандықтар әлемі», «Бизнес» жобалары тақырыбында өз жобаларын қорғады.
4.9-сыныптар арасында Политехникалық колледждің ұйымдастыруымен «ZhasSkills Kazakhmys-2023» мектепшілік іріктеу кезеңі өтті.
5. 5-6 сыныптар арасында «Мен таңдаған мамандық» атты викториналық ойын ұйымдастырлып сурет көрмесі өтті.
6.Мектебіміздің 9 сынып оқушыларымен әртүрлі сала маман иелерімен
«Мамандық таңдау-болашаққа қадам»тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге қаламызда қызмет атқарып жүрген өз ісінің
майталман шеберлері “Балқаш өңірі” газетінің редакторы Қуаныш Аманқұл, “Қазақмыс” корпорациясының политехникалық колледжінің мастері Мухамеджанов Серик Мухамедиевич, қалалық ауырухана бас дәрігер-хирургі Мустап Бекболат қатысып оқушыларға мамандық таңдауға бағыт бағдар беріп, ақыл кеңестерін айтты.
7.24 қараша 2022 жыл.
Қарағанды облысының мектептері мен колледждеріндегі кәсіптік бағдар беру жұмысына жауаптылар үшін "Болашаққа қадам" облыстық семинар-тренингіне қатыстым.
8. «ZhasSkills Kazakhmys-2023» чемпионатының соңғы кезеңі өтті. Екінші іріктеу турының нәтижелері бойынша 217 оқушының 20 оқушысы іріктеліп мектебіміздің 9 сынып оқушысы Карибеков Нурлан ІІІ орынға ие болып,бағалы сыйлықтармен марапатталды.
9.10-11 сынып оқушыларына Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің мамандары кездесу өткізді. Кездесуге мектебіміздің болашақ 18 түлегі қатысып көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
10.«Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжінде 9-сыныптар арасында пәндік олимпиада өтті.Пәндік олимпиада кәсіптік бағдар беру саласында жастарға білім беру бағдарламаларын тиімдірек іске асыру үшін жағдай жасау мақсатында өткізіледі.Мектебіміздің болашақта осы колледжге түсуді жоспарлап отырған окушылар қатысып, арнайы сертификаттар табысталды.9А сынып оқушылары Жомартов Мадесхан,Темірханов Нуршат.
11. Кәсіптік бағдар бойынша 07 желтоқсан күні 2022 жыл. 2023жылы ЖОО-ға қалай түсуге болады? тақырыбында ZOOM платформасы және ютуб трансляциялау форматында онлайн-форумы өтті.Форумға мектебіміздің 11сынып оқушылары қатысты.
12.Әбілқас Сағынов атындағы техникалық университетіңің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында мамандар кездесу өткізді.Кездесуге мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары қатысты
13.Ерте кәсіпке даярлау бойынша мектебіміздің 4,5,6,7сыныптар арасында қандай мамандыққа бейімділігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізліп бағыт бағдар берілді.
14.АСППМ,ЦПК бойнша 9сыныптар арасында жұмыс жүргізілуде.
Кәсіби сынамалар бойынша
-Балқаш қаласы медициналық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынама.
- «Халық қаһарманы РК»Р.Қошқарбаев атындағы колледжімен сабақтастық аясында сынама
-«Балқаш сервис» колледжімен сабақтастық аясында сынама сабақтар ұйымдастырылды
- «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжінде кәсіптік бағдар беру бағытында сынама
- “Мамандықтар жәрмеңкесі-2023”
Жетістіктер:
- «ZhasSkills Kazakhmys-2023» чемпионатына оқушыларды ерте кәсіптік және кәсіптік даярлау аясында «ЭЛЕКТРОМОНТАЖ» құзыреттілігі бойынша 9В сынып оқушысы Карибеков Нұрлан ІІІ-орынға иеленді.
-. «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжінде 9-сыныптар арасында пәндік олимпиадаға 9А сынып оқушылары қатысып , арнайы сертификаттармен марапатталды.
-Балқаш қаласының медициналық колледжінің» 70 жылдығына арналған Мамандығым-болашағым»атты қалалық бейнеролик сайысында 9А сынып оқушысы Балтажан Нұрай І-орынға ие болса,Қыдырбаева Анель сертификатпен марапатталды.
Қаулы:
1.Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы жалғастырылып,қалалық кәсіби сынамаларға қатысу кестеге сәйкес жүргізілсін.