Кадеттердің Қарағанды қаласына сапары

Дата: 2015-02-14 05:59:34
Кадеттердің Қарағанды қаласына сапары

13.02.2015 жылы 6-8 кадет сыныптарынан 10 оқушы шақырту бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында Қарағанды қаласының ЖББ №58 орта мектебіне барды. ЖББ №58 орта мектебінде салтанатты жиында кадет туын тапсыру рәсімі өтті. Іс-шарадан кейін екі мектептің кадет сыныптарымен әскери-спорттық ойындар бойынша жолдастық кездесу өтті. Содан кейін оқушылар әскери бөлімге, Теміртау қаласындағы "Тұңғыш Президент" мұражайына және Қысқы саябаққа экскурсияға барды. Саяхаттан  оқушылар ерекше жақсы әсер алды және болашақта ЖББ №58 мектептің кадет сыныптарымен бірлесе жұмыс жасау жоспарға қойылды.