10 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг жаттығуы жүргізілді

Дата: 2022-10-31 20:36:28

«Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін №8 орта мектебі» КММ

2022-2023 оқу жылына арналған емтиханға дайындық жүргізудегі психолог

іс-шараларының қорытынды ақпары

 

Мектебімізде 13 қазан күні оқушыларды емтиханға дайындауда 10 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг жаттығуы жүргізілді.Мақсаты: оқушылардың ҰБТ-ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру.Мемлекеттік аттестаттауда ешкім арнайы үйретпейді, бірақ, осындай психологиялық білім өте пайдалы. Психологиялық білім тестке дайындау тиімділігін арттырып, тест кезінде тапсырушының өзін ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймай, ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде жұмысқа жұмылдыруға, эмоцияларын қолға алуға көмектеседі.  Оқушылардың алаңдаушылық күйінің алдын алу, стреске қарсы тұру мүмкіндігін жоғарылату, өз-өзіне сенімділігін арттыру, өзін-өзі бақылауды  дамыту, өзара жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында 10 сынып оқушыларымен «Кедергіден өту», «Психикалық жүйке күйзелісін төмендету әдістері»  жаттығулар жүргізілді.