«Өрт сөндіру»

Дата: 2022-06-17 11:24:31

10.06.2022 күні «Шағала» мектеп жанындағы алаңның оқушылары қалалық «Өрт сөндіру» бекетіне барды Балаларға алдымен өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін айтып, балалардан өрт сөндірушілер туралы, өрт бола қалған жағдайда қандай нөмірге қоңырау шалу керектігін сұрап өтті. «Өрт сөндіру» бекетінің қызметкерлері қызықты экскурсия жасады. Сонымен бірге өрт сөндіретін арнайы көліктер гаражына барып, өрт сөндіретін көліктердің түрлерімен, арнайы киімдерімен таныстырды. Балаларға өрт сөндіруші қызметкерлердің өрт болмаған жағдайда немен айналысатындығы туралы айтылды. Соңында өрт сөндіруші қызметкерлері өз жұмыстарын тәжірибе жүзінде көрсетті. Балаларды қызықтырған сұрақтарға толық жауап берілді.

Возможно, это изображение 20 человек и люди стоят