"Балалар жылы"

Дата: 2022-06-01 10:03:48

28 мамыр 2022 жыл "Балалар жылы" аясында "Өмірлік дағдылар" атты қалалық ата-аналар форумы өтті.  Форумның мақсаты: білім алушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру мәселелері бойынша білім беру ұйымдары мен ата-аналар қауымдастығы арасында ашық диалог үшін жағдай жасау. Форум әр түрлі секциялық бағыттар бойынша ұйымдастырылды. Оған ата-аналар, әкелер, аналар кеңесі, педагогикалық,әлеуметтік-психологиялық қызметінің мамандары, ұстаздар қатысты. Форум соңында  мектебімізден бірқатар ата-аналар:

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Арайлым Аскатовна Тлеуберлина;

Әкелер кеңесінің төрағасы: Марат Кадирович Джуматаев

Жалпы ата-аналар кеңесінің төрайымы: Назима Хизаттоллақызы Мақсутова

Аналар кеңесінің төрайымы:   Бигзат Отарханқызы Шаймерден

бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілік танытып,білім саласына қосқан үлесі үшін Балқаш қаласы әкімінің орынбасары С. Жақсылықованың алғыс хатымен марапатталды