Өрт қауіпсіздігінің ережелері
Өрт қауіпсіздігінің ережелері
- Түтіннің иісін сезген бойда үйден тез шығып кетіңіз. Егер шыға алмасаңыз кез- келген сулы орамалмен ауыз бен мұрынды жауып, еңкейіп үйден шығып кетіңіз.
- Егер өрт шағын ғимаратта болса , есік пен терезені ашпаңыз; өйткені таза ауа желдің кіруі жалынды күшейтеді .
- Жанып жатқан ғимараттан лифтімен түспеңіз, ол жалын жайылған қабатта ашылып кетіп , кісі өліміне алып келуі мүмкін; сонымен қатар электр тогы ажыратылып, кабина түтін толған шахтада тұрып қалуы мүмкін.
- Егер баспалдақ алаңы өрт пен түтін құшағында қалса, төбеге шығуға тырысыңыз және сізді өрт сөндірушілер түсіргенше күтіңіз.
- Егер өрт дәлізді қауласа, есікті нығыздап жауып, барлық саңылауды су шүберекпен нығыздаңыз. Есікке көрпе немесе пальто жауып, терезені ашыңыз және айқайлап көмекке шақырыңыз.
- Өрт кезінде түтіннен шкафқа, үстел, керует астына, дәретхана мен жуынатын бөлмеде тығылмай жұрт көзіне түсуге тырысу керектігін ең алдымен өзің ұғынып, бұған іні қарындастарыңды үйретуің керек.
Тәрбиешінің міндеттері
▲ Балалардың тәрбиесін өмір қауіпсіздігін ұйымдастыруды жоспарлайды.
▲ Балалардың өзін-өзі жақсы сезінуі үшін жақсы жағдайды ұйымдастыра отырып әр күндік жұмыстар жүргізеді.
▲ Демалу мерзіміне көмек көрсете отырып күн тәрьібін орындауды ұйымдастырады.
▲ Мереке мерзіміне көмек көрсете отырып күн тәртібін орындауды ұйымдастырады.