Кадет сыныптарының арасында саптық ән байқауы

Дата: 2014-11-28 04:17:27
Кадет сыныптарының арасында саптық ән байқауы

27 қарашада АӘД пәнінің мұғалімі Еримбетов Т.Е және дене шынықтыру пән мұғалімдері кадет сыныптарынының арасында саптық ән байқауын өткізді. Қонақ ретінде қалалық білім бөлімінің әдіскері Рахимов Ф.М және әкелер кеңесінен «Бәйтерек» әкелер кеңесінің мүшесі Қайролла ағай, ата-ана комитеті Саттыбаева Назима келді. Саптық ән байқауын мектеп директоры А.Т. Төкейбекова ашты. Осы байқауға 8Ә сыныбы ең бірінші қатысты. Әр сынып өздерінің «Тік тұр! Оңға! Солға! Кері айнал!» т.с.с пәрмендерін көрсетті. Содан кейін әр сынып өздерінің саптық әндерін айтты. Бұл сайыс қалалық білім бөлімі бекіткен жылдық жоспарға сәйкес ұйымдастырылды.

І орын 8Ә

ІІ орын 6 Ә

ІІІ орын 7Ә