Құрметті ата-аналар!
Дата: 2014-11-10 11:04:23
Соңғы кездерде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық көбеюде. Ата-аналарға ескертеміз: балаларыңызды компьютерлік клубтарға, ойын-сауық орындарына, түнгі клубтарға жібермеңіздер. Қазақстан Республикасының әкімшілік заңына сәйкес, 22.00-06.00 уақыт аралығында жүрген жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылады. Қылмыс жасалған жағдайды көрсеңіз, өзіңіз сондай жағдайға тап болсаңыз дереу 102 нөміріне хабарласыңыздар. Сіздің дереу хабарласуыңыздан қылмыстың тез ашылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке (ауыр және аса қауіпті қылмыстарға) 14 жастан бастап тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылады.