2014-2015 оқу жылында мектебімізде «Бәйтерек» әкелер кеңесі құрылды.

Дата: 2014-11-07 10:29:15
2014-2015 оқу жылында мектебімізде «Бәйтерек» әкелер кеңесі құрылды.

2014-2015 оқу жылында мектебімізде «Бәйтерек» әкелер кеңесі құрылды.  Жалпы ата-аналар жиналысында мектеп оқушыларының әкелері арасынан әкелер кеңесінің мүшелері тағайындалды.  Әкелер кеңесінің төрағасы Төлеубеков Әбілқасым  Оңалұлы   сайланды. Әкелер кеңесінің жаңа оқу жылына жоспары жасалды.

          І. Жалпы ереже

1.1. Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде «Бәйтерек»  әкелер кеңесі  жас ұрпақты тәрбиелеуде  мектеп пен ата-ана  байланысын нығайту, дамыту, насихаттау мақсатында құрылды. 

1.2. Әкелер кеңесі ата-аналардың қоғамының   бастамасымен1 жылға  тағайындалады.

1.3. Әкелер кеңесінің мүшелері мектептің жалпы ата-аналар жинылысында сайланып бекітіледі.

 1.4. Әкелер кеңесіне төраға, оның орынбасары,  хатшы және кеңестің мүшелері кіреді.

1.5. Әкелер кеңесінің төрағасы І  отырыста,  ата-аналар және  ұстаздар  ұсынысымен  сайланады.  Әкелер кеңесінің құрамына әрбір параллель сыныптарынан бір адамнан сайлауға болады.

1.6. Әкелер кеңесінің төрағасы және оның мүшелері  өз қызметінде «Бала құқығын қорғау»  Заңына, ҚР-ның «Білім» Заңына, ҚР Конституциясына  жүгінеді.

1.7. Әкелер кеңесінің мүшелері ата-аналармен және мектеп ұжымымен  сыйластықта, ерікті түрде жұмыс жасайды.

1.8. Әкелер кеңесінің жұмысы бүкіл мектептік ата-аналар жиналысының шешімімен тоқтатылады.

 

ІІ. Әкелер кеңесінің мақсаты мен міндеті

 

Мақсаты:  Әкелердің отбасындағы бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, ұстаз, ата-ана және оқушы арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесіне қатысты сұрақтарды шешу, сауықтыру, әскери-тәрбие жұмысында, мәдени іс-шараларда тәрбие жұмысын жандандыруға көмек беру, мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыруға,  дамытуға қатысу.

Міндеттері:

- Әкелер кеңесі әлеуметтік жағдайы төмен, қиын жасөспірімдермен және қауіпті топтағы балалармен жұмыс жүргізу;

-мектептің оқу-материалдық базасын нығайтуға қатысу;

- мектепте оқушылардың қабілеттері мен дарынын дамытуға, денсаулықтарын  сақтауға атсалыс;

 -Оқушыларды  өзін-өзі тәрбиелеуге , жетілдіруге баулу;

-мектеп дәстүрлерін дамытуға қолдау көрсету;

-кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықбұзушылықтарының алдын алу шараларын өткізуге қатысу;

-рейдтер өткізу үшін ерікті жасақтар құру;

 

 

ІІІ. Әкелер кеңесінің қызметі

3.1. Мектеп өміріне атсалысу;

3.2. Мектепішілік іс-шараларға қатысу;

3.3. Отбасылардың үйде және мектепте балаға қолайлы жағдай туғызуына қол ұшын беру;

3.4.  Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға ат салысу;

3.5.Балалардың жауапкершілік сезімін дамытуға атсалысу;

3.6 Өз өмір тәжрибесіне сүйеніп, оқушыларға кәсіптік бағдар беру;

3.7. Оқушылардың құқықтық тәрбиесіне ықпал ету;

3.8. Отбасы қиын және қауіпті топтағы оқушылармен алдын алу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;

3.9. Балалардың тәрбиесіне селқос қарайтын ата-аналармен жұмыс жүргізу; 

3.10.Оқушыларды жат қылықтардан сақтануға тәрбиелеуде, салауатты өмір салтын насихаттауда сынып жетекшілеріне көмек беру.

 3.11.  Оқушыларды Отансүйгіштікке, ерлікке,азаматтылыққа,шыдамдылыққа тәрбиелейтін іс-шаралардың ұйымдастырылуына және өткізуіне атсалысу;

3.12.Ата-ана жиналысында талқыланатын сұрақтар бойынша ұсыныс беру;

3.13. Мектеп әкімшілігі ұйымдастырға іс-шаралық аралауға (рейд) қатысу.

3.1 4. Есепте тұрған оқушылармен алдын алу жұмыстарын, олардың ата-аналарымен жекелей жұмыс жүргізу.

3.15.Мектептің, сынып кабинеттерінің  ремонты (жөндеу жұмыстарына) көмек беру.

 

ІҮ. Әкелер кеңесінің құқығы

 

4.1. Өмірлік және тәрбиелік қиын мәселелер бойынша мектеп әкімшілігіне сұрақтарға кеңес береді.

4.2. Бала өміріне қатысты сұрақтарға мектеп әкімшілігінің көмегіне жүгінеді.

4.3.Әкелер кеңесінің құзырлығын сақтау мақсатында туындаған мәселелерде шешім қабылдайды. 

Ү.  Ата-аналар жиналыстарына қатысып, тиімді ұсыныстар бере алады.

 

 

ҮІ.Әкелер кеңесінің жұмысын және іс-қағаздарын

ұйымдастыру.

 

6.1. Әкелер кеңесінің отырысы мектеп жұмысының жоспарына сәйкес  кем дегенде оқу жылында 4 рет өткізіледі. Қажет кезде шұғыл түрде жоспардан тыс өткізіледі.

6.2. Әкелер кеңесінің отырысына кем дегенде барлық мүшелердің 50 пайызы қатысса кеңес жиналған болып саналады.

6.3. Дауыс беру 50 пайыздан  жоғары  алынса,  әкелер кеңесінің шешімі бірауыздан қабылданады.

6.4. Әкелер кеңесінің шешімі хаттамаға тігіліп, айы, күні, жылы, қатысқан адамдар тізім көрсетіледі.

6.5. Хаттама нөмірі оқу жылының басынан бастап көрсетіледі.

ҮІІ. Кеңестің құжаты

7.1. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысының шешімі

 7.2. Әкелер кеңесінің бір жылдық жұмыс жоспары

 7.3.Әкелер кеңесінің отырысының хаттамалары.

Автор: №8 ОМ