«Қамқоршылар күні»
Дата: 2014-10-30 06:32:02
2014 жылдың 29 қазан күні жалпы білім беретін №8 орта мектебінде қамқоршылар күніне арналған «Аялы алақан!» атты қамқоршылық кеші өткізілді. Ата-анасынсыз қалған балалардың қамқоршылары біздің мектепте қонақта болды.Психолог Тажкеева М. Мен Абдуалиева З. « Жылы үйді қалай тұрғызуға болады?» атты тренинг жүргізді.Кешке әкелер кеңесінің мүшелері де қатысты. Іс-шара соңы концерттік бағдарламамен аяқталды. Қамқоршылар риза болып, алғыстарын білдірді.