«It-технологияларды,бағдарламалау тілдерін, робототехниканы игеру бойынша үйірме жұмысының нәтижелерін көрсету.
Дата: 2022-01-24 11:31:09
2022-жылдың, қаңтар айының 21-жұлдызында №8 жалпы білім беретін мектебімізде «It-технологияларды,бағдарламалау тілдерін, робототехниканы игеру бойынша үйірме жұмысының нәтижелерін көрсету.
Робототехниканың білім берудің әр түрлі деңгейінде әр түрлі мақсаттары болатынын түсіну өте маңызды. Сондықтан да оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі типтердегі конструкторлар ұсынылады, әр түрлі іс шараларды жүргізу, робототехника бойынша арнайы үйірмелерде, факультативтер жұмыстары жүргізілді. Цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету үшін оқушылардың интеллектісін дамытып, ой-өрісін кеңейту мақсатында біз It-технологияларды,бағдарламалау тілдерін, робототехниканы игеру бойынша үйірме жұмыстарын жүргізілді.
Білім беру мекемелерін ақпараттандыруға мемлекет тарапынан қашанда үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғарғы психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдынғы қатарлы мемлекетке айналары даусыз. Өйткені, “Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет” деп, Ел басы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.