Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде «Аналар мектебі»мүшелері мен өткен «Тәрбиенің ең тамаша мектебі –отбасы» пікір алмасу ақпары
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде «Аналар мектебі»мүшелері мен өткен «Тәрбиенің ең тамаша мектебі –отбасы» пікір алмасу ақпары
Биылғы барыс жылын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай мектебімізде «Аналар мектебі» мүшелерінің қатысуымен қашықтықтан «Zoom» арқылы «Тәрбиенің ең тамаша мектебі –отбасы» атты тақырыпта пікір алмасу болды. Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру және отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық , қайырымдылық, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы ілтипатты болуға тәрбиелеу. Ең алдымен әңгімеге арқау болу үшін бейнеролик көрсетілді.Бала тәрбиесі, оның зорлық-зомбылықсыз жан-жақты дамуы жайында өз ойларын ортаға салды. Мектебіміздің ардагер ұстазы Тұрымтай бүгінгі ұрпақ тәрбиесі туралы сондай-ақ бала тәрбиесіндегі ата-ананың атқаратын рөліне тоқталып өтті. Аналарымыз бүгінгі ұрпақ тәрбиесі туралы өз пікірлерін, отбасы төңірегінде тағылымды мағлұмат берді.