Размер шрифта:

1.Жалпы ережелер

Дата: 2014-10-29 03:23:47

                                                                    

1.Жалпы ережелер

1.1 Осы ереже (бұдан әрі ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білімді дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, «Қазақстан-2030» даму стратегиясы негізінде құрастырылған.

1.2Ереже жалпы білім беретін №8 орта мектебіндегі кадет сыныбының қызметін реттейді.

1.3Кадет сыныбының негізгі мақсаты оқушыларды интелектуалдық,мәдени,дене-шынықтыру,рухани-адамгершілік тұрғыда дамыту,қазіргі қоғамдығы жағдайға бейімдеу және Отанға азаматтық, әскери салаларда қызмет етуге дайындау,

1.4Кадет сыныбы негізгі жалпы білім берудің баідарламаларын және қосымша білім беру бағдарламаларын оқытуды жүзеге асырады, оқушылардың бейіндік дайындығын қамтамасыз етеді.

1.5Мектеп пен кадет сыныбы оқушыларының ата-аналары (заңды өкілдері)арасындағы қарам-қатынас келісім-шарт негізінде құрылды.

 

2.Кадет сыныбы қызметінің ұйымдастырылуы

2.1Кадет сыныбы мектептің сыныптар құрылымына кіреді және мектептің Жарғысы негізінде,оқушылардың білім алуына,тәрбиеленуіне,денсаулығы мен өмірінің қауіпзіздігіне барлық жағдайлар болғанда ашылады.

2.2Кадет сыныбынын негігі жалпы білім беру сатысында  ашылады. Кадет сыныбының нақты бекітілген бағытты болуға мүмкін(кедендік кадет сыныбы, құтқарушылар кадет сыныбы т.б.).

2.3 Кадет сыныбына қабылдау мектептің жарысы бойынша ата-аналарының((заңды өкілдерінің) жазбаша

Өтініштерінің негізінде және кадет сыныбына қабылдау Ережесіне сәйкес жүргізіледі.

2.4 Кадет сыныбындағы оқушылар саны санитарлық-гигиеналық нормалар негізінде белгіленеді және 25 адамнан аспауы тиіс,

2.5Кадет сыныбының оқушылары бекітілген үлгідегі киім нысанын киеді және арнайы нышандық белгілері болады. (значок, шеврон)

2.6. Кадет сыныбының білім алушыларының тиісті жалпы білім беретін сыныпқа, ата-аналарының (заңды өкілдері) жазбаша өтініштері негізінде ауысуға құқықтары сақталады.

2.7. кадет сыныбының аяқтау педагогикалық кеңестің шешімімен, бітірушілер жалпыға білім беру бағдарламаларын толық меңгергеннен кейін жүзеге асырылады.

2.8. Кадет сыныбының білім алушылары ішкі тәртіп ережелерен бұзған жағдайда немесе мектеп жарғысын жүйелі түрде сақтамаған жағдайда, білім деңгейлері орташа болса басқа сыныпқа ауыстыруға болады.

3. Кадет сыныбының білім алу процесі.

3.1. кадет сыныбында білім алу, осы сыныпқа қабылданған кезден бастап жалпы білім  беру бағдарламаларын толық меңгергенге дейін жүзеге асырылады.

Кадет сыныбын бітірген, мемлекеттік аттестациядан өткен мектеп түлектеріне мемлекеттік үлгідегі білім алу деңгейі туралы құжат және кадет сыныбын біргені туралы сертификат тапсырылады.

3.2.Кадет сыныбының білім беру үрдісі мемлекеттік жалпы білім беру стандарты негізінде және мектептің оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.

Кадет сыныбында кадеттік бағытына байланысты, кадеттік компонент белгіленуі мүмкін, оның ішінде әскери-спорттық бағыттағы практикумдар,әскери-далалық жиындар, әскери-техникалық және дене дамыту дайындықтары,таңдау курстары жүргізіледі.

3.3. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдары негізінде, мектептің Жарғысына сәйкес, кадет сыныбында білім алушыларға білім беру бағдарламасының шеңберінде, білім берудің ақылы түрлері көрсетілуі мүмкін.

3.4. Кадет сыныбына білім беруді мектептің педагогикалық қызметкерлері іске асырылады. Кадет сыныбының нақты бағыттары бойынша оқу пәндері н оқыту үшін,мектепәкімшілігі басқа білім беру мекемелерінен мамандар шақыра алады.

3.5. Кадет сыныбында білім беру жүйесін ұйымдастыру сабақ кестесінің және оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекеттері негізінде орындалады.

4. Кадет сыныбы білім алушыларының құқықтары мен міндеттері.

4.1. Кадет сыныбының білім алушыларының құқықтары мен міндеттері мектеп жарғысымен белгіленеді.

5.Кадет сыныбын басқару.

5.1. кадет сыныбын басқаруды сынып жетекшісі жүзеге асырады.