Кәсіптік бағдар-болашақ кілті

Дата: 2022-01-12 21:34:51

Кәсіптік бағдар-болашақ кілті

(кәсіби сынама)

 

    Оқушыларды техникалық мамандықтармен таныстыру, олардың сұранысқа ие екендігін көрсету, кәсіпті дұрыс таңдауға көмектесу мақсатында  мектеп оқушылары арасында «Балқаш сервис колледжі» және Қазақмыскорпороциясының Политехникалық колледжімен  кәсіби сынама өткізілді.                                                    Кәсіби сынама– мамандық таңдауда іскерлік, қаржылық, әлеуметтік және басқа да қарым-қатынастарда тұлғаның қызметі мен мансабына ықпал етеді.
Аталмыш шараға келген оқушылар колледжде оқытылатын мамандықтармен, оған түсу шарттарымен, оқу орыны ұсынатын жеңілдіктермен танысты.
   Кәсіби сынама екі бөлімнен тұрды. Алғашқы теориялық бөлімде қатысушыларға «тамақтандыруды ұйымдастыру», «дәнекерлеу ісі», «ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану», «токарьлық іс және металл өңдеу» секілді түрлі мамандық жайлы мағлұмат беріліп, жан-жақты түсіндірілді.
    Екінші тәжірибелік бөлімде оқушылар колледждің материалдық базасымен танысып, шеберханаларда өздері де жұмыс істеп көрді.
    Мамандықты дұрыс таңдауға зор септігін тигізген сынама жоғары деңгейде өтумен қатар, оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұнаған мамандықтары жайлы кеңінен ақпарат алды

  Оқушылар қаламыздағы «Қазақмыс корпороциясының Политехникалық» колледжі, «Балқаш Сервис» колледжі, «Әлихан Мусин атындағы техникалық» колледжі, «Балқаш медициналық» колледжі. Осы аталған  оқу орындарымен  офлайн және онлайн форматында танысып, әртүрлі саладағы мамандардан тәжірбие жүзінде көздерімен көріп, колледждегі түрлі мамандықтар туралы және колледжге  түсу  ережелері туралы  ақпараттармен таныстырылды. Қатысқан сыныптар: 9«А,Ә,Б,В» сыныптары.Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.      

 

                                 «Балқаш Сервис» колледжі»