Біздің мектеп асханасы

Дата: 2021-11-27 15:56:13

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде өткен «Біздің мектептің асханасы» атты акция ақпары

   Мектеп парламенттінің фракция мүшелерінің қатысуымен «Біздің мектептің асханасы » атты тақырыпта акция өтті. Мектеп оқушыларының ұтымды тамақтануы, санитарлық нормалар мен ережелерді, дайын өнімнің сапасын анықтау секілді мәселереді анықтау мақсатында өткен акция. Бейне жазба арқылы сауалнама жүргізіп,оқушыларғасұрақтар қойылды. Сауалнамада 5 сұрақ болды. Қорытынды нәтижесінде:
1 – сұрақ бойынша мектепте берілетін тамақ дәмді деп 100% жауап берді.
2 – сұрақ бойынша мектептегі тамақ тойымды деп 100% жауап берді.
3– сұрақ бойынша мектептегі тамақ күніне қайталанбайды деп 100% жауап берді.
4 – сұрақ бойынша асхана тазалығына көңіл толады деп 100% жауап берді.
5 – сұрақ бойынша күнделікті ас мәзіріне көңіл толады деп 100% жауап берді.
Мектеп асханасы оқушыларды уақытылы сапалы тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Оқушылардың асханаға деген, аспазшыларға деген ешқандай қарсы пікірлері жоқ.

    Мектеп парламенттінің «Қамқорлық» фракциясының мүшелері қамқоршылық кеңесі және әлеуметтік педагог қатысуымен мектеп асханасының жағдайын тексерді. Акция барысында төмендегідей мәселелер қарастырылды: ас мәзірімен танысу , ондағы санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау, дайын өнімнің сапасы, асхана тазалығы мен пайдаланылған ыдыстардың жуу орындарын және олардың дезенфекциялық құралдардың болуын тексерді. Асхана толық ас мәзірі арқылы жұмыс атқарды.Ыстық тамақ  ас мәзірі бойынша  беріледі.Тексеріс барысында талапқа сай ас мәзірі берілді. Дастархан оқушыларға толықтай жайылған,  стандарт талаптарын сақтай отырып қызмет көрсететіні анықталды.