«Оқулыққа ұзақ өмір»

Дата: 2021-11-23 23:07:29
Мектебімізде  қараша  айының 22 күні 1-11 сыныптар арасында «Оқулыққа ұзақ өмір» атты  рейд тексеріс  жүргізілді.
Рейд тексеріс кезінде кітапханашылар мен мектеп белсенділері  мектеп бойынша  барлық сыныптарды аралап,  оқулықтарды  тексеріп өтті.
Тексеру барысында бастауыш сыныптар бойынша 4 оқушыға , 5-7 сыныптар бойынша 15 оқушыға, 8-11 сыныптар арасында 7 оқушыға оқулықтар күтімі жөінде қатаң ескертулер жасалды
    Осы жағдайларды ескере отырып сынып жетекшілері оқулықтарды дұрыс пайдалану жөнінде оқушыларға және ата – аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізсін деген ұсыныс айтылды. Әр оқушы сабақ кестесі бойынша мектепке оқулықтарды міндетті түрде әкеліп пайдалану қажет. Осыны пән мұғалімдеріде сабақ барысында дұрыс қадағалау керек.