«Қызықты кітаппен демалыс»

Дата: 2021-11-17 10:39:03
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім басқармасының «№8 Жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2021 жылдың 9 қарашасында мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Қызықты кітаппен демалыс» атты марафон өтті.  
Мақсаты: 
жас ұрпаққа озық, көркем шығармаларды насихаттау;
оқушылардың демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
Марафонға 7 «а» сынып оқушылары Жумаханова Аяжан, Төрегелді Альмира, 7 «в» сынып оқушысы Муханова Айда қатысты. Оқушылар демалыс кезеңінде оқыған қызықты кітаптары мен ондағы кейіпкерлер туралы шағын мәліметтермен бөлісті.