«Болашағы жарқын, келешегі кемел Балқашым

Дата: 2021-11-17 10:34:02
02.11.2021 ж күні  мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен          оқушыларды   кітапхана  қорымен  таныстыра отырып, кітап оқуға деген ынталарын арттыру мақсатында   6- сынып оқушыларының қатысуымен  қаламыздағы А.Гайдар атындағы балалар кітапханасына топ серуен жасады.
        Кітапхана әдіскерлері  оқушыларды кітапхана бөлімдерімен таныстырып, кітапхананың құрылу тарихына тоқталып өтті.Оқу  залындағы туған жеріміз Балқаш қаласының көне тарихынан сыр шертетін «Болашағы жарқын, келешегі кемел Балқашым» атты кітап көрмесіне тоқталып, осы залдағы қызықты энциклопедиялар топтамасымен таныстырды.Сонымен қатар абономент залындағы  кітап сөрелеріне жеке-жеке тоқталып, жаңадан келген қызықты кітаптармен таныстырып өтті.