«Өнер білім бар жұрттар»

Дата: 2021-11-17 10:24:01

27.10.2021 жылы мектеп кітапханашылары алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі және шығармаларымен оқушыларды таныстыру,
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында «Өнер білім бар жұрттар»  кітапханалық квест ұйымдастырды.

     Осы іс-шара барысында кітапханашы З.Шайбекова оқушыларға сұрақ бере отырып, Ы.Алтынсариннің өмір жолдарына , өлеңдері мен әңгімелеріне шолу жасады.Ыбырай Алтынсариннің  имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін шағын әңгімелерінен мысалдар келтірді.                                                                                           

      Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып,өнер – білімнің арқасында қандай жетістіктерге қол жеткізуге болатыны туралы өз ойларымен бөлісті.